Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты: Қашықтан оқытумен қамтамасыз етуге инфрақұрылым қауқарсыз

Қазақстандық оқушыларды толыққанды қашықтан оқытумен қамтамасыз етуге инфрақұрылым қауқарсыз. Өйткені педагогтардың барлығында бірдей компьютер мен жедел интернетке қолжетімділік жоқ.

Қашықтан оқыту форматына көшуде интернет пен техниканың тапшылығы қол байлайды.

Қазір еліміздегі мектептердің балансында 405 мың компьютер бар, оның 162 мыңы (40 %) ғана жарамды. Тек техника тапшылығын жою үшін 210 мың компьютер керек. Сіз сәуір айында 80 мың техника сатып алуды жоспарлап отырғаныңызды айтқан болатынсыз. Олар қазіргі кезде сатып алынды ма, алынса қандай өңірлерге таратылды? Жаңа оқу жылында Қазақстан мектептерінде компьютер, тағы да басқа оқу құралдары жеткілікті бола ма?

Тұрғындардың жаңа оқу жылында білім беру мәселелеріне алаңдаушылық білдіруі байқалады. Мысалы, өзім сайланған Қызылорда облысының 26 елдімекеніндегі мектептерде интернет желісі жұмыс істемейді. Байланыс операторы ауылдық жерлерді ескірген технологиялар есебінен қамтамасыз етіп келеді. Салдарынан ауылдардың 21 проценті заманауи байланыс технологиясына қол жеткізе алмай отыр.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.