ТҮРКІСТАН: «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІМЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Бүгін  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі  Айгүл Сағадибекқызының қатысуымен Түркістан облыстық экология департаментінде келелі кездесу өтті.

Қоршаған ортаның өзекті мәселелері ортаға салынған жиынға облыстық Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мирас Қарғабай, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісіРафаэль Гасанов,«Қазақстанның экологиялық» ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма басшысының орынбасары Елдос Нұрболұлымен Департамент қызметкерлері қатысып,облыстағы атмосфералық ауаның ластануын болдырмау мақсатында  жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларды талқылады.

Сондай-ақ, жиын барысында ауаның ластануының басты себебі —   жылыту маусымы кезеңінде жылыту құралдарына қатты отын (көмірдің) қолданылуынан туындайтыны айтылып, оның шешу жолдары кеңірек қарастырылды.

Кездесуде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде ауаны ластайтын кәсіпорындар туралы ақпарат интерактивті карта көмегімен (орталықтандырылған порталға)  енгізілетіні атап өтіліп,   заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды жою  үшін алдағы уақытта «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп рейдке шығу мәселесі ұсынылды.

 

Жиын соңында Сарыағаш, Қазығұрт, Келес және Ордабасы аудандарында орналасқан жылыжайларданшығатын түтіннің мөлшерін азайту мақсатында мемлекеттік көмек ретінде грант бөлу мәселесі қозғалып,  сол грант  арқылы жылыжайларға тазалау құрылғыларын орнатуды қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.