ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шардара ауданында арнайы жұмыс сапарымен барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден өткен көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындармен кездесудегі мақсат — тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
Ғабит Өмірәліұлы тұрғын үй саласының мамандарына тұрғын үй қорының талаптары бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және тұрғындардың сұрауы бойынша көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесіне тазалау жұмыстарын жүргзуді ұсынды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Шагирбаев ұсыныстарды назарға алып, тұрғындар арасында туындаған сұрақтар шеңберінде құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізуге арнайы мамандар бөлінетінін және жертөледегі суды тазалау жұмыстарын 2 күн ішінде жүргізіп, қалпына келтіретіндерін жеткізді.
Айта кетейік, Шардара ауданында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігіне сәйкес, 2014 — 2019 жылдар аралығында 23 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Назарларыңызға жеткізе кетейік, өңірлерді дамыту 2020 мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындар туралы шешім пәтер иелерінің кемінде 2/3 бөлігі дауыс бергенде заңды күші болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.