ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі таңда Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, облыстың барлық медициналық мекемелерінде коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстары бекітіліп, екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Індеттің өршуі орын ала қалған жағдайда медицина қызметкерлері дайын болуы тиіс. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бұл мақсатта жергілікті бюджет пен гуманитарлық көмек арқылы 800-ге жуық отттегі концентраты алынған. Қарқынды терапия палаталары бір жарым мыңға жуық оттегі нүктелерімен жасақталған.

 

Эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, облыстың медициналық ұйымдары мен «СК-Фармация» ЖШС-і арасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізіп беруге қосымша келісім-шарттар жасалынған. Мамандар қазірдің өзінде 2 айға жететін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

 

Облыста жалпы коронавирус инфекциясына тәуліктік қуаттылығы үш мыңға жуық сынаманы құрайтын 12 зертхана жұмыс істеуде. Күні бүгінге дейін 130 мыңнан астам адам тест тапсырған. Оның ішінде Covid-19 инфекциясы расталған 3343 жағдай тіркелген. Науқастардың 96 пайызы, яғни 3210 адам жазылып шықты. Бүгінгі күнге бір күндік өсім 0,1 пайызды құрап, аурушаңдықтың төмендегені де байқалады.

 

 

Облыс бойынша инфекциялық стационарларда бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы емдеу шаралары үшін 600 төсек – орын дайындалған. Түркістан қаласында 200 орынға есептелген модульді жұқпалы аурулар ауруханасы бой көтереді. Коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда құрамында дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері жұмылдырылған  380 мобильді  топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда ашылған 20 Call-орталықтары тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәслелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.