ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЦЕХ ЖЫЛЫНА 15 МЛН ЛИТР МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРЕДІ

Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн литр минералды су өндіреді. Жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды. Бүгінде 50 адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Шипалы сусын 1800 метр тереңдіктен алынады.
Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Қазірге дейін өнім Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Арыс минералды суы республиканың өзге облыстарына жіберілмек.
Сонымен қатар, серіктестік 30 млн теңге қаржы жұмсап, емдік монша да салған. Онда бір уақытта 80 адамға қызмет көрсетіледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.