Нұржан Әлтаев, Мәжіліс депутаты: Ал болған жағдайға кім жауап береді?

Үкімет қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмаған. Елімізде қажетті медициналық жабдықтар жеткілікті. Сақтандыру жүйесінің жұмысы жүріп тұр, дәрі-дәрмектерді үйлестіретін құрылымдар да қамсыз емес. Әрі кадр даярлайтын оқу орындары да түлектерімен мақтанады. Бірақ соған қарамастан, отандық медицина вирустың соққысын тойтаруға қауқарсыз болып шықты. Осы салаға жыл сайын қарастырылатын қыруар қаржыны айтпағанда, коронавируспен күрестің өзіне бөлінген миллиардтардың есебіне жету қиын. Вирус ушыққан уақытта ауруханалардағы орын тапшылығы мен дәрі-дәрмектің қолдан жасалған жетіспеушілігі орын алды.

– Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, мен сізді парламентке келіп, халық алдында және халық өкілдері алдында коронавируспен күресте атқарылған жұмысқа есеп беруіңізді сұраймын. Қыруар қаржының қалай игерілгенін, коронавирус құрбандарының саны мен ауыр жағдайдың себебін айтып берсеңіз. Әйтпесе, Денсаулық сақтау министрін алып тастады да, сонымен бәрі тынышталып қалды. Ал болған жағдайға кім жауап береді?

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.