ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ТІКҰШАҚ ҚОНАТЫН АЛАҢ САЛЫП БЕРДІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жергілікті кәсіпкер аудандық аурухананың жанында орналасқан өзінің жекеменшік жер теліміне тікұшақ қонатын алаң салып берді. Бұған дейін ауыр жағдайдағы науқастарды облыстық емдеу мекемелеріне жеткізетін тікұшақ елді мекен шекарасындағы егістік алқаптарға қонатын болған.

Науқастың тағдыры үшін әрбір секундтың маңызды екені белгілі. Сондықтан, санавиация қызметі ауылдық жерлердегі адам өлімі мен адам өмірінің ұзақтығына әсер ететін басты бағыттарды бірі.  Аурухана жанынан ашылған жаңа алаң денсаулық жағдайы мүшкіл емделушілерді санавиацияның күшімен жедел жеткізу қызметінің тиімді жұмыс істеуіне сеп болмақ.

«Атакент» аудандық ауруханасына тарту жасаған кәсіпкер Қанат Мырзахметов осыған дейін де көптеген үлгі боларлық істерімен көптің алғысын алып келеді. Азамат елдегі пандемиямен күрес кезінде аудандық ауруханаларға жалпы саны 12 ИВЛ аппаратын сыйға тартқан. Аймақта орын алған су тасқыны кезінде де қарап қалмаған. Жерлестерін апаттан аман алып қалуға атсалысқан.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.