ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Арыс қаласында болып, аудандық мемлекеттік кірістер, полиция бөлімі, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерімен және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен аудандық Штаб мүшелерімен кездесті.
Мақсатты кездесудің негізгі мақсаты – өңір тұрғындары арасында адалдық пен ар тазалығы, парасаттылық пен сенім құндылықтарын кеңінен насихаттау арқылы халықпен сындарлы сұхбат құру.
Жиын барысында парақорлықтың елге тигізер залалы мен зардабы талқыланып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу – мемлекет саясатының күн тәртібіндегі басым бағыттарының бірі екендігі түсіндірілді.
Кездесуде сөз алған Е.Тұңғышбаев пара алу, пара беру, делдал болу қылмыстары үшін көрілетін жаза түрі қатаңдатылғанын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері енгізілетінін атап өткенін жеткізді.
Келелі жиын соңында аудан жұртшылығының тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.