Зәуреш Аманжолова, Мәжіліс депутаты: … неліктен мәселе әлі шешілмеген?

Мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Бүгінгі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 мың  475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19 пайызы ғана. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3 пайызына төленген. Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу қарқыны тіпті төмен. Бүгінге дейін ковидтен 197 медицина қызметкері көз жұмса, министрліктен төлемге тек 38 өтініш түскен. Ал өтемақыны алғандар саны бар-жоғы 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 13 пайызына да жетпейді.

Бес айдан астам уақыт бойы министрліктен министрлікке жауапкершілік аударылып, неліктен мәселе әлі шешілмеген? Жайбасарлықтың салдарынан Президенттің тапсырмасы орындалмайын деп тұр. Жоғарыда аталған проблемалар Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктерінің өзара іс-қимыл алгоритмдерін уақтылы пысықтамауынан туындады деп санаймыз.

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.