СӘБИГЕ АТ ҚОЮ РӘСІМІ

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюды үмбетіне өсиет еткен. Ата-ана жеті күн ішінде өздеріне ұнаған жақсы әрі мағыналы есімді таңдап, баласына қою керек. Ат қоятын кезде имам жүзін құбылаға қаратып, баланың оңқұлағына азан, сол құлағына қамат айтады, сәбиге және оның ата-анасына игі дұға жасайды.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немересі Хасан туған кезде оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат айтқан. Балаға ат қоюмен бірге ақиқа рәсімін де өткізуге болады. «Ақиқа» – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық. Үкімі – мубах (яғни істеуі немесе істемеуі адамның өз еркінде). Мүмкіндігі болса, қыз балаға бір қой, ұл балаға екі қой сойылады.
Ақиқа құрбандығын жетінші күннен бастап балиғат жасына жеткенге дейін шалуға болады. Ақиқа құрбандық етін шалған адамның өзі жейді немесе көпшілікке дастархан жайып, дәм таттырады. Оған имамдар т.б. дін қызметкерлері қатысып, ақиқаның мәнін түсіндіріп, сәбиге дұға жасайды.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.