Ар-ождан бостандығы

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ халқымыздың рухани мәдениетіне, соның ішінде оның ең басты салаларының бірі дінге мемлекеттік тұрғыдан үлкен көңіл бөлініп келеді. Ең алдымен, ар-ождан және діни сенім бостандығының жария етілуі Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді түрде қолдауына өз ықпалын тигізді. Қазақстан халқын құрайтын барлық этностар өздерінің дәстүрлі діндеріне бет бұруына мол мүмкіншілікке ие болды.
Еліміздің зайырлылық қағидаттарының нығаюы арқылы азаматтардың діни сенім құқықтары мен бостандықтары сақталып келеді. Бұл орайда ең бастысы − діннің мемлекеттен бөліну қағидаты, діни фанатизмге жол берілмеуі екендігін ескеруіміз қажет.
Дін өскелең ұрпақтың адамгершілік пен рухани дүниетанымын қалыптастыруға ерекше ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамын ерекше алаңдатып отырған өзекті мәселелер баршылық. Бұл мәселелер көбіне теріс пиғылды жат діни ағымдардың қоғамдық тұтастықты бұзуға бағытталған белсенділігіне байланысты болып отыр. Олардың ішінде әсіресе салафизм ағымының халық тыныштығын бұзып жатқандығы байқалады.
Сондықтан жастарымыздың көк аттының жетегінде кетпес үшін үнемі бақылауда ұстау мақсатында мемлекет тарапынан нақты шаралар атқарылуда.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.