«Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымы

«Хизб-ут-Тахрир» өзін «әлемдік халифат» құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді. Ол үшін әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан жақтастар тартумен айналысатын жасырын бастауыш ұйымдар жұымс жүргізгендігі белгілі.
«Хизб-ут-Тахрир» идеологиясы зайырлы үкіметке қарсы қарулы күреске де рұқсат етеді. Аталған ұйым Ресейде, Пәкістанда, көптеген араб мемлекеттерінде, Еуропа, Оңтүстік Шығыс және Орта Азия елдерінде лаңкестік ұйым ретінде заңмен қудаланады. Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» қызметі 2005 жылдың наурыз айында Астана қаласының сотымен экстремистік деп танылып, тыйым салынған.
Сол уақыттан бері құқық қорғау және арнайы органдар оның бірқатар басшысы мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олардың арасынан бірқатары экстремистік идеологиядан өз еркімен бас тартты.
Хизб-ут-Тахрир» Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлінген ұйым. Ол палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болса да бүгінде ол елде заңды түрде тиым салынған ұйымдар қатарында. Этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтататын «Хизб-ут-Тахрир» партиясы әлемнің 40 елінде таралған және көп елдерде тиым салынған. Экстремистік сипатына байланысты исламдық емес деп танылды.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.