Шымкент гарнизонының футболшылары – өз дивизионындағы көшбасшылар

Ағымдағы жылдың қаңтар айында басталған шағын футболдан әуесқой командалар арасындағы дәстүрлі турнирдің сегізінші маусымы 35748 әскери бөлімінің «Әскер» командасының тарихы үшін бүгінгі таңда үздік маусым болды.

 

Турнирге 16 команда, соның ішінде 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінен тұратын «Әскер» футбол командасы бақ сынасуда.

Әрбір ойын өте тартысты өтіп жатыр. Барлық команда тыңғылықты дайындалып келгені байқалып, ешкімнің жеңісті оңайлықпен бере салғысы келмегені көрініп тұр. Алайда, «Әскер» командасының бас жаттықтырушысы кіші сержант Өмірбек Аябаевтың өз командасын тыңғылықты даярлағанының арқасында 16 команданың ішінде 14 ойында бақ сынасып 12 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 тең ойын көрсетіп 37 ұпай санымен турнирлік кесте бойынша бірінші орынмен топ жарып келуде.

«Біздің команда бұл лигада 2018 жылдан бері ойын көрсетеді. Өткен 14 ойынның нәтижесі команда құрамының бірнеше маусым бойы теңбіл доп алаңында жүріп, біліктілігінің арттыруы арқасында. Біз осы маусымды тек жеңіспен аяқтауға ниеттіміз», – деді команда жаттықтырушысы кіші сержант Өмірбек Аязбаев.

Әскер командасының жеңіске деген ынта жігері өте жоғары. Себебі, команда 3 сыныпты сержант Ербол Мамыров, сержант Бақытжан Нұрлыбаев, кіші сержант Ғалымжан Алдамуратов, кіші сержант Олжас Макенов, ефрейтор Бағлан Уалибеков сынды футбол десе ішкен асын жерге қоятын үздік спортшылардан құралған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Шымқала лигасы кубогының иегерлері атанады. Турнирде орын иегерлеріне медальдар табыс етіліп, жарыс барысында көзге түскен үздік ойыншылар грамоталармен марапатталады.

Алдағы уақытта 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінен құралған «Әскер» командасы осы маусымдағы соңғы ойынына шығады. Ойынның қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің командасы жеңіске жетсе, Шымқала лигасы кубогының иегері атануы мүмкін.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.