ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛҒАН

   Бүгінгі күнге дейін Түркістан облыс аумағында қар құрсауынан 5 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қыс маусымы басталғалы бері жалпы 7 республикалық, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жабылу оқиғалары орын алып, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 21 техника жұмылдырылған. Барлық жолдар төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан бақылауға алынған.

«Өңірде республикалық және облыстық жолдардағы асулардағы 11 жылыту бекеттері төсек-орын, электр қозғалтқыштары және көмір-отындарымен қамтамасыз етілген. Жалпы жолдарды қардан тазалауға тұз себу, құм шашу жұмыстарына жалпы 550-ге жуық адам және 178 техника бірлігі тартылған. Сондай-ақ, 1400 дана «Тайғақ жол» белгілері орнатылған»,-деді Талғат Серікұлы.

Айта кетейік, облыс аумағына 40 су қоймасы бар. 3 су қоймасына (Ақсүмбе, Бақырлы, Ащы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Көктемгі мезгілде су тасқыны салдарын алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтсақ, Сырдария өзеніне және қауіпті учаскелерге жер үсті, әуеден шолу бойынша күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.