ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Бүгін киелі өңірге арнайы келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде азаматтардың талап-тілегі мен өтініш-арыздарын жедел қанағаттандырып, тұрғындарға тиімді жағдай жасау мақсатында ел игілігіне берілген «Парасаттылық орталығының» жұмыс барысын зерделеді.

Бүгінгі күні жаңа форматта жасақталған орталықта жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, адвокаттар, нотариустар және қоғам өкілдері қолжетімді әрі кедергісіз қызмет көрсетуде.

Айта кетсек, орталық қала тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түріп, азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру арқылы заң шеңберінде проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастырады.

Сондай-ақ, кеңсеге келіп түскен өтініш-шағымдар бойынша мемлекеттік органдардың басшылық тарапынан тұрақты негізде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, тұрғындарды мазалаған мәселелер «Парасаттылық орталығы» арқылы жедел шешімін табады және тұрмыстық жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын едәуір арттыруды, жетілдіруді жүзеге асырады.

Шара барысында сөз алған Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай орталықтың ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халыққа жақындығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындар тарапынан жолданған сауалдар мен өтініштердің жедел қаралуына қолайлы жағдай туғызатынын және ашық кеңістікке өту мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға ықпал ететінін жеткізді.

Орталық Wi-fi желісімен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындар мен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы жабдықталған қызмет көрсету аймағымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы аясында өңірге қарасты бизнес-қауымдастықпен екі жақты келісімге қол қойды.

Бақылау жұмыстарының соңында Елордадан арнайы келген Агенттік өкілі «Парасаттылық орталығының» мүмкіншіліктеріне оң бағасын беріп, тұрғындардың талап-тілегін қанағаттандыру және Мемлекет басшысының ашықтық саясатын сәтті жүзеге асыру бойынша Түркістан облыстық Департаментпен атқарылып жатқан ауқымды шараларға тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.