«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшілеріне жаңа Заңнамаға енгізілген толықтырулар түсіндірілді

2020 жылдың 6-қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Заңнамадағы енгізілген өзгерістер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін таныстыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы Түркістан облысындағы 100 ге жуық «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшілері және тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының қатысуымен мақсатты жиын өткізді.
Мұндағы мақсат заңнамадағы жаңашылдықтармен білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда құрылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшілерімен және тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларын ақпараттандыру.
Бұл жиында Нұржахан Ермағамбетқызы жаңашылдыққа назар аударды
Атап айтсақ,
 Мемлекеттік қызметшілерге және оның отбасы мүшелеріне сыйлық беруге тыйым салу нормасы күшіне енгенін;
 Сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғалардың ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік салаға бақылау күшейтілгенін;
 мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың жақын туыстарымен тікелей бағыныста бола алмайтындығын жеткізді

Сонымен қатар әрбір білім беру ұйымы өз қызметінде тоқсан сайын ішкі талдау жүргізіп, жемқорлықтың алдын алу керектігін айтты.
Жиын соңында Нұржахан Ермағамбетқызы сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Бұл тұрғыда әрбір азамат, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.