ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК КАРАТЕШІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінде бұл  күндері карате спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс басталды. Жас  ерекшеліктері бойынша 12 және 13  жас пен 14-15  жас аралығындағы  жасөспірімдер татами төрінде жекпе-жек  өткізуде. Сонымен бірге, 16-17  жастағы спортшылар да өзара күш сынасуда.

Шара кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Тартысты сайысқа келген төрт команда бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыстың  қорытындысы бойынша бас жүлдені  Бекзат Саттарханов атындағы дарынды  балалардың спорт мектеп-интернат-колледжіннің шәкірттері иеленді. Ал, күміс  жүлдегер атанған Түркістан  облысының №1  олимпиадалық спорт мектебінің  командасы еншіледі. Қола жүлдені Сайрам ауданынан келген Қарасу спорт  клубының жастары олжалады. Іріктеуден өткен жеткіншектер облыс  чемпионатында бақтарын сынайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.