«ТҮРКІСТАН – АРЕНА» UEFA ТАЛАПТАРЫ САЙ СЕРТИФИКАЦИЯДАН ӨТТІ

Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-арена» стадионын UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді. Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген. Арнайы мамандардың қатаң бақылауында.

 

7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек.

 

Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев түркістандықтар үшін қуанышты жаңалықпен бөлісті. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жауапты мачтарды өткізуге əрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

 

Еске сала кетейік, 2 наурыздан бастап 6 наурызға дейін еліміздің клубтары   Нұр-Сұлтан қаласының «Астана», Алматының  «Қайраты», жəне Қарағандының  «Шахтер» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» Суперкубоктың жүлдесін сарапқа салады. Сонымен қатар,  биыл жаңадан құрылған Түркістан облысының  «Тұран» командасының Премьер-лигадағы ойындарының барлығы осы «Түркістан- арена» стадионында өтетін болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.