ДЕРМАТОМИКОЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.

Ересек адамдар да, балалар да дерматомикозбен ауырады. Инфекция көзі ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер болып табылады. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (тарақ, жөке, киім және т.б.) арқылы, ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы ықтимал. Адамдар сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері), жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Дерматомикоздың басты белгілері:

– терідегі гиперемияланған жерлер;

– аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер;

– теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;

– бөртпе, көпіршіктердің пайда болуы;

– базданудың пайда болуы;

– дененің қышуы, ашуы.

Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:

– Жеке гигиеналық заттарды қолдану;

– Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;

– Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру;

– Егер сіздің айналаңызда тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматологқа көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!

Б.Идияева,

Қаратау ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.