«Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары» бойынша семинар-кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Қарбеков Бауыржан Канатұлы «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша практикалық кеңестер» тақырыбында өткен онлайн-семинарға қатысты. Сондай-ақ, семинар-кеңеске техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Шымкент қалалық Білім басқармасының орынбасары, «Психикалық денсаулық орталығының» жоғары санатты нарколог-дәрігері, психолог, әлеуметтік-педагог, жастар ісі жөніндегі жауапты қызметкерлер қатысты. Бауыржан Канатұлы «Есірткіні тұтынудың құқықтық аспектері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, семинардың әр қатысушысы өз тақырыбында баяндама жасап өтті. Онлайн форматта өткен семинар-кеңесте жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, қоғамдық иммунитетті және есірткіге төзбеушілікті қалыптастыру туралы ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар айтылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.