БАҒДАТ МУСИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АХУАЛДЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығында болды. Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев әкімдікте орналасқан заманауи орталықтың қызметімен таныстырып, екі жаңа жобаның тұсауын кесті.

Ситуациялық орталық әлемді шарлаған пандемия басталған кезде ашылды. COVlD-19 коронавирустық инфекциясын бақылау және оған қарсы тұру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған орталық қазір қызметін кеңейтті.  Бағдат Мусин Ахуалдық талдау орталығының қызмпетін көріп,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Ситуациялық орталықта бірнеше бағыттар бойынша жұмысты жүзеге асырады. Министрге елімізде алғаш рет енгізілген GreenPoint платформасы таныстырылды. Бұл жоба космомониторинг негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға сандық мониторингті және бақылауды енгізу бойынша платформа болып табылады. Сондай-ақ сервиске қол жеткізу су ресурстарын, алқаптарды пайдалануды анықтау, есепке алу және топырақтың жай-күйін мониторингтеу үшін жер қатынастары бөлімдерінің басқармаларының немесе облыстың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармаларының қызметкерлеріне беріледі. Бұл туралы Ахуалдық талдау орталығының жетекшісі Мұрат Халилаев баяндады.

Ал, жаңадан енгізілген Түркістан облысының Дағдарысқа қарсы картасы,  қауіпсіздік, сатылым,  денсаулық сақтау, мобильді топтар және білім секторлары бағытында жұмыс жасайды. Талдаулар жүргізеді. Жаңа жүйе Қазақстан аумағында алғаш рет қолға алынған. Антикризистік карта соңғы жылдары орын алған төтенше жағдайларға байланысты және болашақта олардың қайталану қаупін азайту мақсатында облыс әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық және ТЖД бірлесіп Түркістан облысының дағдарысқа қарсы картасын әзірледі. Ахуалдық орталығында карта мониторингі бойынша түскен ақпаратқа терең талдау жүргізіледі.

Облыс аумағындағы қылмыстық ахуалға мониторинг пен талдау жүргізіледі. Елімізде төтенше жағдай орын алғалы 104 мобильді топ құрылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес деректерді жинау бойынша кросс нысаны енгізілді. Ол мобильдік топтар қызметінің мониторингі мен талдауын жеңілдетеді. Ахуалдық талдау орталығы заманауи техникамен толық жабдықталған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.