ҚАРАТАУ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының жеке құрамы Халықаралық әйелдер күнімен әріптес аруларын, ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектерді құттықтады.
Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Арман Тленшин басқармадағы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қылмыспен күресте, қоғамдық қауіпсіздікті және тұрғындармен өзара байланысты қамтамасыз етуде алғы шепте жүрген қызметкерлердің бірі – аудандық тәртіп сақшылары. Қаратау ауданында ерлермен бірге 30-дан астам әйел қызметкер атқарып келеді. Олардың 20 – офицер, 4 – мемлекеттік қызметкерлер, 6 – ерікті құрам.
Сондай-ақ, погонды қыздарға көктемнің шуақты мерекесімен Қаратау аудандық әкімдік тарапынан берілген Алғыс хаттар табыс етілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.