Генерал қыз-келіншектерді құттықтады!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 400-ге жуық әйел-полицейлерді құттықтады.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы департаментте қызмет ететін әйел полицейлерді атаулы мерекемен құттықтады. Департамент бастығы атқарушы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттерін айтып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтер атқарып отырғанын атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмған әріптестердің аналарына, жұбайларына және отбасы мүшелеріне құрмет көрсету үшін арнайы шақырылып, сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шара соңында, олар жеке мәселелерімен генералдың қабылдауында болды.
Погонды аруларды марапаттау рәсімінде Ішкі істер министрінің бұйрығымен 13 қызметкер («Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі, «ІІМ құрмет грамотасы», «ІІМ грамотасы», «ІІМ алғыс хаты») марапатталды. Сондай-ақ, Департамент бастығы міндетін атқарушысының бұйрығымен департаментте қызмет ететін 400-ге жуық әйел қызметкерлер грамота, алғыс хат, ақшалай сыйақымен марапатталды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.