Еңбек және тазалық мерекесі

Көктемнің алғашқы демалыс күндері әскери бөлімнің жеке құрамы мен әскери қалашықтың тұрғындары Шымкент гарнизонында ауқымды еңбек пен тазалық мерекесін ұйымдастырды.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері орындықтар мен балалар алаңдарын сырлады, гүлзарлар мен ағаштарды ретке келтірді, аумақты қоқыстан, шөптен және қураған ағаштардан тазартты. Бұдан әскери бөлімнің аумағы бірден өзгере шықты.

«Бұл пайдалы шара деп санаймын. Адамдар жиналып таза ауада жүр, ал олардың физикалық еңбегі күнделікті жұмыстан және әскери қызметшілердің күнделікті орындайтын міндеттерінен алшақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары подполковник Әділ Тастамбеков.

Әскери қызметшілердің балалары да аумақты жаңарту мен тазалауға қатысты.

«Бүгін біз отбасымызбен тұрғылықты ауданымызды таза және әдемі ету үшін ерекше мерекеге шықтық. Егер біз бәріміз бірге тазалық жасасақ, ол әр уақытта таза болады. Біз әрқашан қоқыс тастамауға тырысамыз және барлығына біздің үлгі ісімізді ұстануға кеңес береміз», — деп бөлісті 1-сыныпты сержант Рауан Әлімбетовтың қызы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.