Алтын аламын деп ақшасынан айрылған

2021 жылдың 5 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасына  жергілікті жердің  43 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, 2020 жылдың тамыз айында, өзіне аты-жөні толық белгісіз азаматша, бірге алтын сату, сатып алумен айналысып, бизнес жасаймыз деп сеніміне кіріп, алтын алу үшін 5.500.000 теңге ақшасын алып, алтын алып келіп бермей және ақшасын да қайтарып бермей жүргенін көрсеткен.

 Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 39 жастағы тұрғыны  анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.