Мейірім Нұрсұлтанов үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тағы кәсіби жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лос-Анджелесте өткен бокс кеші барысында Мейірім америкалық Лэнни Дардарды бірінші раундта техникалық нокаутпен «тоқтатты». Бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі үшінші жеңісі және уақытынан бұрын аяқтаған екінші айқасы.

Еске сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов ағымдағы жылдың сәуір айында Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут штаты) мексикалық Хавьер Ольверамен айқасып, кәсіби рингтегі алғашқы нокаутына қол жеткізген еді. Алты раундтық форматта өткен жарыс екінші раундта 1.15 ұпаймен Нұрсұлтанның орындауындағы техникалық нокаутпен аяқталған болатын. Ал  Ольвера болса,  өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Дерексөздер www.inform.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.