Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізуде

Шымкент қаласы Қаратау ауданы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында тәртіп сақшылары бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді. 

«Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында балаларды жол белгілерімен таныстырып, жол қауіпсіздігі бойынша туындаған сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша үлестірмелер, брошюралар және жадынамалар таратты.

Айта кететін жайт, мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.