ТҮРКІСТАН: ЕПКЕ АЛУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы екпе салдырған тұрғындар саны артып келеді. Еліміздегі егу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, вакцинаның бірінші құрамын 830 мыңға жуық адам қабылдады. Ал екінші компоненін 640 мың адам салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Бүгінде өңір «жасыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте 45 азамат қатерлі COVID-19 індетінің құрығына ілікті. Тәуліктік өсім 0,33 % құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 2020 орын бар. Мұнда 724 науқас ем қабылдап жатыр.
Жалпы пандемия белең алғалы коронавирус жұқтырғандар саны 13 653 адамға жетті. 7157 науқаста аурудың белгілері болмаған. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 008 452 адамнан ПТР сынамасы алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 2392 адам тексерілді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.