Танкистер кәсіби мерекелерін атап өтті

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде  тарихы 1946 жылдан бастау алған жауынгер танкистердің табандылығын, қайсарлығы мен ержүректілігін еске алу құрметіне орай Танкистер күніне арналған мерекелікіс-шара өтті.

 

Шара барысындабөлім жеке құрамы танкистердің құрметіне салтанатты сап түзеп, саптық әндермен жүріп өтті. Бөлім басшылықтары танкистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мадақтама қағаздарымен марапаттады.

Мерекелік көңіл-күйді және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында  спорттық ойындармен жалғасын тауып, танк бөлімшелері арасында 1 шақырымға жүгіру, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, белтемірге тартыну және әскери эстафета сынды спорт түрлері ұйымдастырылды.

  • Бүгінгі мереке мен үшін өте ерекше. Танк әскері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпейтін даңққа ие болып, фашистік басқыншыларға тойтарыс беруде зор үлес қосқан. Бүгінде танк әскерлері еліміздің Қарулы Күштерінде басты соққы күш беруші болып табылады және өзімнің танкист болғанымды мақтан етемін, – деді танк командирі сержант Рахымжан Айдарбеков.

Шара соңында танк бөлімшесінің жеке құрамы кәсіби мереке қарсаңында спорттық демалыс уақытын сыйлаған бөлім басшылығына ризашылығын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.