КЕЛЕСТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУГЕ 28 ОТБАСЫ НИЕТТЕНІП ОТЫР

Келес ауданы Түркістан облысындағы артық жұмыс күші бар, 143 мыңға жуық тұрғыны тығыз орналасқан аудан. Биыл ауданда жұмыссыз ретінде 522 адам тіркелген болса, 1328 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өздігінше жұмыспен қамтылғандар саны жоғары. Сондықтан Теріскейге көшу мәселесі мұнда өзекті.
2021 жылдың 15-16 қыркүйек күндері Павлодар облысының Баянауыл және Успенка аудандарынан арнайы өкілдер келіп, аудан тұрғындарына ерікті түрде қоныс аудару бойынша үгіт-насихат түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «Ашық есік» еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков Павлодар өңірінен келген азаматтарды таныстырып, солтүстікке көшудің маңызын айтты. Сонымен қатар облысымызға танымал, жаны жомарт кәсіпкер солтүстікке көшу бағдарламасын кеңінен насихаттап жүрген азамат Ағабек Жаңабаевтың демеушілігімен 28 кыркүйекте аудан тұрғындарының солтүстікке барып көзбен көріп келулері үшін Сарыағаш қаласынан арнайы автобус жүретінін жеткізді.
Павлодардан келген азаматтар ерікті көшуді насихаттау барысында көшуге ниет білдірген азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Үгіт-насихат жұмыстары аудандағы Біртілек, Алпамыс батыр, Ақтөбе, Ошақты және Қошқар ата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесулері ауыл әкімдері, жеке кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттарының қатысумен жалғасты.
Кездесулер барысында жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, ауыл округтерінің жұмыссыз тұрғындарына Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп екені, міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтік көмектер және өз ісімен айналысамын деушілерге жер, шағын несие қаралатыны түсіндірілді. Кездесулер нәтижесінде аудан бойынша 28 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірсе, 7 отбасы көшуге нақты шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.