Шымкенттік полицейлер автокөліктен қаруға ұқсас зат тәркіледі

Ағымдағы жылдың 26-қыркүйегінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің 6-рота инспекторлары полиция аға лейтенанты А.Сарсенбаев пен полиция аға лейтенанты С.Керімбек қызмет атқару барысында Адырбеков көшесінің бойында “Нива” автокөлігін тоқтатады.

Аталған автокөлікті қарау кезінде қаруға ұқсас затты байқап, тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшылары қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты тиісті басқармаға жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Өз кезегінде қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жалғасуда.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.