Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға көмек көрсетті

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыс атқарады.

Мәселен, Қаратау ауданының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Назым Аярбекова мен ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры  Сержан Жолдасов тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға көмек көрсетті. Әйелдерге құқықтық көмек беріліп, сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаладағы дағдарыс орталықтарымен бірлесіп адамдар көп жиналатын орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі және сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.