ТҮРКІСТАН: КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРУ — БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ

Еліміздің рухани өңірі — Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ректоры Ерлан Әбіл мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев ынтымақтастық кездесуін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа міндеттер мен стратегиялық менеджментті, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды жан-жақты талқылау.

Мақсатты жиынға Академияның облыстық филиал басшылығы, Департаменттің қызметкерлері мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары қатысты.

Өзара ынтымақтастық кездесу барысында алдағы уақытта атқарылатын бірқатар мәселелер, атап айтсақ облыс аумағында комплаенс қызметін жандандыру, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке құзыреттерін жетілдіру және ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» халықаралық стандартын облыстағы ұйымдарға тарату шеңбері талқыланды.

Сондай-ақ, ынтымақтастықты нығайту мақсатында алдағы уақытта атқарылар маңызды іс-шаралардың жоспары құрылып, жиын соңында Ерлан Қуанышұлы академия филиалымен кездесулер әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.