ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҮШ СПОРТТЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Созақ ауданында Абай, Қайнар, Көктөбе елді мекендерінде балаларға арналған ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан басшысы С.Полатов арнайы қатысты.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясы қашанда ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қолдау білдіріп келеді. Міне, бүгін «Катко» қазақ-француз біріккен кәсіпорны демеушілігімен футбол және балалар ойын алаңы салынып, елді мекен тұрғындарын үлкен қуанышқа бөлеп отыр. «Катко» кәсіпорнына өз атымнан және аудан халқы атынан алғысымды білдерімін»,- деді аудан әкімі.
Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындар бірнеше балалар ойын алаңын салған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.