Тұрғындарды онлайн санақтан өтуге шақырамыз!

Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды.

Халық санағы алғаш рет цифрлы технологияларды пайдалану арқылы өтеді.

1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы https://sanaq.gov.kz/ сайтына кіріп, сауалнамаға жауап беру арқылы санақтан онлайн режимде өтуге мүмкіндік бар. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Респондент санаққа қатысуы үшін өзіне барынша ыңғайлы уақытты таңдауына болады, сондай-ақ сайтта бланк толтыруды тоқтатып, кейіннен жалғастыру мүмкіндігі де қарастырылды.

Онлайн санаққа қатыса алмағандар қазан айының 1-30 аралығында интервьерлердің сұрақтарына жауап беру арқылы жүзеге асыруына болады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданады.

Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталығы болғандықтан Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бүгінде аудандағы нысандарды толық қамту үшін 29 учаскеге бөлініп, 265 нұсқаушы-бақылаушы және 186 интервьюер жұмыс атқаруда.

Дайындық кезеңінде жиналған мәліметке сәйкес Әл-Фараби ауданында халық саны 219 652 адамды құрады.

Барша азаматтарды санаққа белсене қатысуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.