Шымкенттік ұстаз еліміздегі үздік мұғалімдер қатарында

Қаладағы М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Юрий Грязнов «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалисті ретінде еліміздің үздік 10 мұғалімінің қатарына енді. Ақтық сында іріктелген ұстаздар 24 қыркүйек күні Алматы қаласында салтанатты түрде марапатталады.

Еліміздің ұлттық байқауында топ жарған ұстаздар Нобель сыйлығының баламасы болған «Әлем ұстазы-2022» сыйлығына қатысатын номинант атанады. Онда жеңімпазға 1 млн. доллар қаржылай сыйлық табысталады.

Жобаның басты ерекшелігі, оған кез келген мұғалім өз бетімен қатыса алады. Мұнда білім беру мекемесі басшылығының, білім беру бөлімдері мен басқармаларының ұсынымы талап етілмейді. Байқау кезінде мұғалімдердің мектептегі кәсіби біліктілігі, шәкірттерінің жетістігінен бөлек қоғамдық өмірдегі белсенділігі де ескеріледі.

Юрий Петрович 28 жылдан бері физика және информатикадан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеп, пән ұстаздарына кәсіби бағыт беріп келеді.

Грязновтың авторлық еңбектері бүгінде еліміздің жоғары оқу орындары мен мамандандырылған мектептерде методикалық қолданба ретінде пайдаланылып отыр. Оның «Информатика 5-11», «Математика», «Орыс тілі», «Ауызша санау», «Ядролық физика», «Күн жүйесі планеталарында қозғалыс модуляторы» интерактивті оқулықтары, «Minicount»,« Magal»,«Logicalyk ecept» секілді электронды оқулықтары республикада кеңінен таралған. Ол бұған дейін «Үздік сабақ жоспары» байқауында 1 орын, «Үздік физика пени малкими» байқауында Гран-при, Халықаралық пәндік педагогикалық олимпиада жеңімпазы II дәрежелі диплом мен «Маман мақтаныты» медалін иемденген.

Айта кетсек, бұған дейін Шымкент қаласынан «Әлем ұстазы» байқауына №90 мектеп директоры, тарих пәнінің мұғалімі Арман Орынбеков жолдама алған болатын, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.