Шымкентте қайтарымсыз несие алып беремін деп, тұрғынның 160 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды

Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз несие алып беремін деп, 160 000 теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және барлық құжаттарды заң жүзінде жинауға кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.