Шымкентте ұялы телефон ұрлап кеткен азамат анықталды

2021 жылдың 5желтоқсанында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда белгісіз тұлға жұмыс орнында үстел үстінде тұрған «Redmi Note 7» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматтақа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін қоғамдық орындарда заттарыңызға мұқият болып, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.