Демек, ауылдың тең жартысынан көбі жұмыссыз

Меруерт МАХМҰТОВА, экономист: 

Қалаға қарағанда, ауылда жұмыссыздар аз деген статистика шындыққа жанаспайды. Таза өтірік!

2-3 мың тұрғыны бар ауылды көз алдымызға елестетіп көрейікші. Онда не бар дейсіз? Мектеп, емхана, 4-5 дүкен, қысқаша қайырғанда, 30-35 жұмысшы орыннан басқа түк жоқ. Оған қоса, егін шаруашылығы, бау-бақша дегеніңіз, маусымдық сипатқа ие екенін де ұмытпалық.Демек, ауылдың тең жартысынан көбі жұмыссыз.

Бірақ бізде оларды өз-өзін жұмыспен қамтушылар қатарына жатқызып тастайды. Цифрға салып кеп жібергенде, қалаға қарағанда, ауылда жұмыссыздар аз боп шыға келеді.

Шындығында, ашылған жаңа жұмыс орыны көбіне болмайды, ал оқыған балалар керексіз болып жатады. Тоқ етерін айтқанда, білім жүйесін еңбек нарығындағы сұраныстарға бейімдеу керек.

365info.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.