100 жылдық бәліш табылды

Антарктиканың Адэр мүйісінде жұмыс істеп жатқан жаңазеландиялық зерттеушілер мұз астында 100 жылдай жатып қалған темір қорапшаны тауып алды. Қорапшаның ішінен қағазға оралған тәтті бәліш шыққан.

Темір қорапша қатты тозып, шіруге айналғанымен, ішіндегі бәліші жеуге әбден жарамды болып шықты. Тіпті тәбетіңді ашатын хош иісі де сол күйі сақталған.

Зерттеушілердің болжамынша, бұл бәліш мұз астына 1910-1913 жылдар аралығында түскен болуы мүмкін. Осы уақыттарда мұзды өлкеге саяхат жасаған британдық экспедицияны полярлық зерттеуші Роберт Фолкон Скотт басқарған. Ал ол жеміс қосылған бәлішті қатты жақсы көретінімен белгілі болған екен.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.