Қазақ қызы, ұялтпашы біздерді…

Қолымыз бір сәт босай қалса,  бүгінгінің бас құралы болған ұялы телефонды ұстай қалып, әлеуметтік желіні ақтара отыру әдетке айналды. Бүгінде әлеуметтік желіде отырмайтын жан бүгінде кемде- кем. Ал сол әлеуметтік желілерде өзінің жүгенсіз іс- әрекеті мен ұятсыз бейнелерімен желіні шулатып жүргендер де аз емес. Тағы да, қазақ қызының жалаңаштанған жиіркенішті сұлбасын көріп жағамызды ұстай жөнелдік…

Қазақ қызы! Қандай керемет сөз десеңізші! Жайшылықта жау келе қалса, ерімен тізе қосып қасқая қарсы шапқан қазақ қызы! Тұмарханымнан бастап ел тарихында із қалдырғандар да, желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат та қазақ қызы! Кешегінің осы бір аруларының алтын тізбегінің соңы кімдермен аяқталмақ? Олар енді кімге айналмақ? Жақында көзбен көрген бір жайт көңілге қаяу салып намысқа тиді. Көркіне көз түсетін Байзақова Айжан есімді қазақ қызының әлеуметтік парақшасындағы жалаңаштанған суреттері мен іс- әрекеттерін көргенде көз ұялып, жанарыңды қайда әкетеріңді білмей қаласың. Клуб жағалаған бейнесі мен жалаңаштанып әрлі- берлі жүрген жүрісін көргенде бетіңді басасың. Ұят-ай! Ел көз алдында жүретін актриса бүгінде әлеуметтік желінің ханшайымына айналған. Себебі, жалаңаштанған бейнелерін көрген албырт аңғал жастарымыздың қыздың дене бітіміне қызығып қарап жатса, енді бірі осы қыз секілді болуды армандайтын сияқты. Бірақ, жұртқа әйгілі жандарымыз осылай жүргенде ертеңгі жастарымыз қандай сорақылыққа баратынын елестеткім де келмейді. Аузында бұрқыраған түтінге оранған темекісі бар, үстіне жарытып жөні түзі шүберек іле алмаған бұл қазақ қызы жастарды теріс жолға түсірмесіне кім кепіл? Өйткені, 15-16 жастағы жасөспірім қыздар Айжанның ұятсыз суреттеріне пікір білдіргенде: «Керемет, мен де сіздей болуды армандаймын!» жазуға дейін барған.

Әуелден «қызды қырық үйден тыйым» деп аялап өсірген қыздарымыз ұятты жерлерін жарияға жар салып көрсетуінің кімді болмасын бей- жай қалдырмасы анық. Білмеймін, мұншалықты жалаңаштанған бейнелерді көріп, еліктеген қыз балаларымыз ертеңгі күні Айжандардың санын көбейте ме деп қорқамын.

«Елді соғыссыз жаулап алғың келсе, алдымен қыз- келіншек, әйелдерін бұз! Егер әйелдерін, қыздарын бұзсаң, қоғам бұзылады, елінің тыныштығы бұзылады» деген осы бір сөз үлкен ой салады. Өйткені, еліміздің ертеңі үшін бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген қыз бала, ананың орны ерекше. Қазақ қызы, қайда барасың? Осы бір қасиетті сөз қазақ қызының қадірін кетірмеші. Аналарымызға кешегі аңсатуға біздің қақымыз жоқ.

 Ұлжалғас Өскен

Суреттер инстаграмм желісінен алынды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.