Солтүстік Корея Жапония мен АҚШ-ты «жер бетінен жоқ қылатынын» мәлімдеді

Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын қолдағаны үшін ядролық қарумен Жапонияны «суға батырып», АҚШ-тың «күлін көкке ұшырамыз» деп тағы да сес көрсетті. Бұл туралы centralasian.org  сайтына сілтеме жасаған NUR.kz порталы жазады.

Солтүстік Кореяны насихаттаумен айналысатын Кореялық Азиялық -Тынық мұхит комитеті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін «зұлымдық күші» деп таратуға шақырды.

Онда сонымен бірге «Жапонияның төрт аралы суға батуы тиіс. Бұл ел біздің жанымызда өмір сүруге тиісті емес» делінген.

3 қыркүйекте Солтүстік Корея алтыншы, ең күшті ядролық сынақ өткізгеннен кейін Солтүстік Азиядағы жағдай шиеленісе түсті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ әзірлеген резолюцияны бір ауыздан қабылдады. Онда Солтүстік Кореядан тоқыма экспортына тыйым салынады. Сонымен бірге бұл елге мұнай өнімдерін жеткізуді қысқартады.

Чучхе – бұл Солтүстік Кореяның басқарушы идеологиясы. Мұны КХДР негізін қалаған Ким Ир Сен ойлап тапқан. Ол қазіргі лидер Ким Чен Ынның атасы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.