Тегін мастер класс: САХНАДА ЕРКІН СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ

Қазіргі таңда қай салада болмасын лидерлік қасиет пен еркін сөйлеп, өз ойын нақты айта білу жоқтың қасы. Жазуды қағаз көтергенімен, сөйлеуге келгенде ұяңдық басып, тартыншақтай беретініміз тағы бар. Осы бағыттағы тәжірибелі мамандардың дәрісін тыңдай жүру еш артықтық етпейді. Тәжірибелі коуч маманы, бизнес-тренер — Битанова Гүлжанат Бердіқұлқызы Шымкент қаласында сахнада еркін сөйлеу шеберлігінен тегін мастер-класс өткізеді. Мастер класс А.Байтұрсынов көшесі, 70/4 үйде (Студенттер қалашығы аялдамасы) өтеді.
Гүлжанат Бердіқұлқызы — Эриксон атындағы Халықаралық Коучинг университетінде білім алған. Халықаралық Психология Ілімдері Академиясын «тренинг саласы» мамандығы бойынша бітірген (Ресей). Сахнада сөйлеу шеберлігі, сату саласы бойынша және коучингті жеке өмірде пайдаланып, жетістікке жету тақырыптары бойынша тренингтерді екі тілде жүргізеді.
Мастер-класс барысында тренерден тікелей кері байланыс ала отырып, нетворкинг, іскерлік және жаңа қарым-қатынас аясын ұлғайту, бейтаныс аудиторияда ашық сөйлеу мүмкіндігі және көпшілікке өзіңізді жаңа қырынан танып білу жөнінде дәрістер аласыз.
Және көпшілік алдына шығардағы қорқынышты жеңудің әдіс-тәсілдері, көпшіліктің көңілінен шығу және зейінін ұстай білу, сахнада өзіңізді еркін ұстау және еркін сөйлеу, ойыңызды нақты және сенімді түрде жеткізе білу дәрістерін алып, өзіңіздің лиделік қасиеттеріңізді дамытуға мүмкіндік зор.
Байланыс үшін: 8747-701-70-78

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.