Бақытжан Сағынтаев ОҚО кәсіпкерлерімен ШОБ-ті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, онда өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды.

Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру, Шымкент қаласында халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын жаңғырту және салу, сумен қамту жүйесін қалпына келтіру, өсімдік шаруашылығын субсидиялау, отандық тауарларды экспорттау кезінде кездесетін кедергілерді алып тастау, АӨК-ні жеңілдікті несиелендіру, облыстың экономика салаларын цифрландыруға қатысуы, жаңа экспорт саясатын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Айтылған мәселелерге қатысты ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму вице-министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов, облыс әкімі Ж.Түймебаев түсініктеме берді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.