Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Сенат төрағасы: Алдымен осыларға баға беріп алу керек

Ұстаз кәсібінің төмен мәртебесі мектеп білімін дамытуы тежеп отырған фактор болып табылады. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлері жалақысының деңгейі ең төмен еңбекақының қатарында қалып отыр. Ол орташа республикалық деңгейдің 66 пайызын құрайды. Үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеру жағын ойластыруы қажет. Бұл өте маңызды Материалдық және моральдық ынталандыруды дұрыс жолға қоймасақ, біз мұғалім кәсібінің мәртебесін жоғарылата алмаймыз. Қазіргі уақытта талапкерлер көп жағдайда педагогикалық жоғарғы оқу орындарына оңай түсуге болады деген қағидат ұстанады. Өйткені осы мамандық бойынша оқуға түсуге қажетті балл саны басқа мамандықтармен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мұндай жағдай келешекте оқытушылар құрамының сапасына тікелей кері әсер ететінін анық. Ал бұл толығымен керісінше болуы тиіс.

Елімізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін саланың қатарында жатады. Соңғы жылдары мектептеріміз үнемі реформалар жүргізілетін режимде жұмыс істеуде. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрінетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз
Мүмкін бұл саладағы маңызды реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. «Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?» Алдымен осыларға баға беріп алу керек. Білім беру саласында терең және жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды.

Sputnik Қазақстан

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.