Енді сот санкциясы онлайн үлгіде салынады

Бұдан былай сот санкциясын онлайн үлгіде салуға болады, деп хабарлайды 24 Хабар. Қылмыстық істерді электронды форматта қарайтын жүйе осындай жаңа мүмкіндікпен толықты. «Бастама күдіктіні сот залына әкелуге кететін шығын мен уақытты үнемдейді», — дейді мамандар. Айта кетейік, «Е-қылмыстық іс» атты жоба Астанада тамыз айының соңынан жүзеге аса бастады. Яғни енді кейбір қылмыстық істерді осындай үлгіде қарайды. Тіпті бүгінге дейін 270 іс жаңа бағдарлама бойынша сотқа жіберіп те қойған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.