Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ: Есті қыз етегін қымтап ұстайды

* Ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
* Есті қыз етегін қымтап ұстайды.
* Әйелдің жалаңаш денесі еркектің ойын өзіне бөлгізеді. Жинақы жүр. Сонда еркек елеңдемейді.
* Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың.
* Қарқылдап күлу, тарқылдап сөйлеу — дарақылықтың белгісі.
* Кісі кемшілігін көруге емес, түзеуге әуестен.
* Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетеді.
* Ауыз шешендік әркімде бар. Қыздың көп сөйлемегені абзал. Қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы — сайрап тұрған сөз.
* Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.
* Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жақсы ананы ажалдан бұрын көрге кіргізеді.
* Жақсы дос — жаман әкеден артық.
* Үміт күткен ұлы оңбаған болса — әке, қызы күйеуге өтпесе — шеше, сұлу деп алғаны сүйкімсіз болса — жігіт, қыран деп тигені жапалақ болса — жар сорлы.
* Кей адам кілт етпе келеді. Ол мінез жас балаға, сұлу әйелге, ұлы адамдарға ғана жарасады. Бұдан басқаға бітсе — ол қырсық.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.