Жөтелге қарсы халық емдері

* Грек жаңғағының 500 г ұнтақталған дәні, 300 г бал, 100 г алоэ шырыны, 4 лимонның шырынын араластырып, балалар – 1 шай қасықтан, ересектер – 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл, тамақтанардан жарты сағат бұрын ішіп жүрулері керек. Бұл дәрінің әсері көп күттірмейді.

* Дәріханалық жөтелге қарсы дәрінің 2-3 түйірін бал немесе тәтті тосап қосылған ыстық шайға ерітіңіз. Осы шайды ересек адам тәулігіне 3-4 рет ішсе жетіп жатыр.

* Құрғақ жөтел ұзаққа созылса, 1/4 стақан сары майға 1 жұмыртқаның сарысы мен қалауыңызша құмшекер қосып, араластырыңыз. Осы қоспаны күніне 2 рет 2 шай қасықтан ішіңіз.

* Жөтелмен бірге тамағыңыз қырылдап, даусыңыз бұзылса, 1/2 стақан мейізді 1 стақан суға қайнатып алып, үстіне 1 ас қасық пияз шырынын қосыңыз. Тұнбаны жылы күйінде жатар алдында түгелдей немесе бір стақанды үшке бөліп, тамақтанардан 20 минут бұрын күніне 3 рет ішу керек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.