Cұлулық сыры: Жастық эликсирі

Бұл дәрілік өсімдіктердің жиынтығы ағза жасушаларын жасартып, қайта түлететінін бүгінде дәрігерлердің өзі растап отыр. Бірақ, бұл қоспаны тек 30 жастан кейін ішкен дұрыс.

«Жастық элексирін» дайындау үшін 200 грамм түймедақ, 100 грамм салаубас, 100 грамм шайшөп, 100 грамм қайың бүртігін алып, бәрін араластырамыз. Осы қоспаның 1 ас қасығын 0,5 литр қайнаған суға салып, тұндырамыз (мүмкіндігінше термоста). Екі сағаттан соң тұнбаны сүзіп, кешке ұйықтар алдында және таңертең тамақтың алдында бір стақаннан бал қосып ішу керек. Бұл тұнбаны бір ай бойы үзбей ішкен жөн. Емшараны так бес жылдан кейін ғана қайталауыңызға болады.

Жоғарыда көрсетілген дәрілік өсімдіктердің бәрі дәріханада сатылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.