Керек кеңес: Қамыр илеудің құпиялары

* Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салуда. Електен өткізгенде ұнның арасына ауа кіріп, қамыр жақсы көтеріледі.
* Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.
* Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (0,5  литр қамырға бір ас қасық жарма) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды.
* Қамыр илейтін сүтке жарты стақан минералды су қосып араластырыңыз. Минералды суда сірке суы не лимон шырынына қосылған бір шәй қасық ас содасын ерітіңіз. Бұл да қамырдың жақсы көтеріліп, ұзақ сақталуына көмектеседі.
* Қамыр ашытқанда оған қосатын азықтың бәрі жылы болуы тиіс. Тоңазытқыштан алынған азық-түліктерді алдын-ала микротолқынды пеште жылытып алыңыз. Ал қамырдың құрамындағы сұйықтықтарды 30-35 градусқа дейін жылытқан дұрыс. Ашытқы осындай температурада белсенді болады.
* Қамырды құрғақ қолмен илеңіз.
* Бәлішті пісіру пешіне салмас бұрын, 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Әйтпесе бәліш ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді.
* Қамырдың құрамына сары май қосу керек болса, оны ерітпей, турап қосыңыз.
* Қамырды суға илегенше, сүтке илеңіз. Осылайша оның иісі де, түсі де жақсы болады.
* Қамырдың құрамында қант тым көп болса, бәліш тез қызарып, күйіп қалады. Қамыр қажетінше көтерілмей қалуы да мүмкін. Сондықтан қантты кемірек қосыңыз.
* Бәліш нәзік болып пісуі үшін қамырға жұмыртқалардың тек сарысын қосыңыз.
* Бәліштің асты құрғақ болып пісуі үшін, крахмал ұнтағын себіңіз.
* Ашытылған қамырдың үш сағаттан артық көтерілуін күтпеңіз.
* Бәліштің бетіне жұмыртқаның сарысын, сүт, қант қосылған су жақсаңыз, беті әдемі қызарады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.